Текст
26.11.2019
Ағылшын тілі апталығы туралы ақпарат
Мектебімізде ағылшын апталығы сәтті өтіп жатыр, оған барлық ағылшын тілін меңгеріп жүрген бірінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейін оқитын оқушылар қатысуда. Бұл іс-шараның мақсаты - оқушылардың сөйлеу іс-әрекетінің барлық түрлерінде сөйлеу құзіреттілігін арттыру, шығармашылық мәселелерді шешуде алған дағдыларын іс жүзінде қолдану.
Апталық іс-шаралары сыныптарында дәстүрлі емес сабақтар түрінде өтуде, бұл балалардың қызығушылығы мен белсенділіктерін арттырады. Көрмеде қабырға газеттері, эсселер, оқушылардың шет тіліндегі шығармашылық жұмыстары ұсынылған.