АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ
07.09.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Кировское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інің педагогтері арасында академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Академиялық адалдық – бұл шындық, сенім, құрмет, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтау. Бұл қағидаттарды ешкім қадағаламаған және бақыламаған кезде де ұстану керек. Бұл әрбір мектеп оқушылары мен педагогтеріне өз қызметінде салмақты моральдық және этикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында, мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу және оларға біліктілік санатын беру (растау) кезінде өзінің академиялық ережелері мен адалдық нормаларын белгілейді,
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ- оқушы мен педагогтің оқу барысында және бағалауда адалдығын дамытатын құндылықтар мен ережелер жиынтығы.
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
* Сапалы білім мен дағдыларды қалыптастыру
* Этикалық өмір қағидаларын орнату
* Уақытты басқару, ұйымдастыру мен нәтижелілікке үйрету
* Адал азаматтарды тәрбиелеу.