Текст
13.03.2026
Көрісу-жүректен жүрекке" челленджі.
Көрісу күні (немесе Амал мерекесі) — 14 наурызда тойланатын, қыстан аман шыққан жұрттың бір-бірімен қауышып, төс қағыстыратын, жаңа жылды қарсы алатын ежелгі дәстүрі. Бұл күні адамдар өкпе-ренішті ұмытып, амандық-саулық сұрасады, үлкендерге ізет көрсетіп, «Жасың құтты болсын!» деп ізгі тілек айтады.
Көрісу күнінің негізгі ерекшеліктері:
Уақыты: 14 наурыз.
Мәні: «Амал» — қыс пен көктемнің тоғысқан шағы, табиғаттың оянуы.
Дәстүрлері:
Көрісу (қауышу): Ертерек тұрып, жасы үлкендерге, көрші-қолаңға барып сәлем беру, төс қағыстыру.
Татуласу: Бұрынғы өкпе-реніштер кешіріледі, ынтымақ артады.
Дастарқан: Ұлттық тағамдар (наурыз көже, бауырсақ,шелпек) пісіріліп, дастарқан жайылады.